Спортивный молодежный фестиваль «Nur-Sultan Jastar Fest»

«Nur-Sultan Jastar Fest» спорттық жастар фестивалі

4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі алдындағы алаңда «Nur-Sultan Jastar Fest - 2019» спорттық жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Қала түрғындары және қонақтары: арқан тарту, шахмат, асық ату, гір тасы спорты, қол күрестіру, грэпплинг, шағын футбол және стритбол спорт түрлерінен сайысқа түсті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Актоты Раимкулова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Кульгинов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серик Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Сыдыков Нурлан және оның орынбасары Маржикпаев Берик қатысты.

«Фестиваль Nur-Sultan Jastar Fest» жастар жылында өтіп жатыр. Елбасы жолдауында жастарды бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырады. Барлығы аула спортынан басталады. Басында балалар аулада ойнайды, содан кейін спортпен кәсіби түрде айналысып, чемпион атанады. Бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа парктер, жаңа спорттық кешендер салынуда. Біз жұмыстарды ары қарай жүргіземіз», - деп айтты өз сөзінде Алтай Кульгинов.

Нұр-Сұлтан қаласының «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» басшылығы, әкімшілігі және спортшылары спорттық іс-шараға қатысты. Мектеп шахматшылары тек бір-бірімен ғана емес, кез келген қала тұрғынымен сайысқа түсе алды. Мектеп басшысы Калин Рустам Ильясович Мухтар Орынтаевпен сайысқа түсті. Жеңімпаздарды Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Маржикпаев Берик Боромбаевич марапаттады.

sport festival 1


Поделиться в соц. сетях: