Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары Пауэрлифтингтен жеңімпаз атанды.

27-30 тамыз аралығында Ақтау қаласында көру мүшесі зақымдалған,тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Пара-пауэрлифтингтен ҚР Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 13 облысынан 111 спортшысы қатысты. Қала намысын 6 спортшы қорғады.

97 кг салмақ санатында Байлин Қанат 2 орынды иеленді.Ал 110 кг салмақ санатында Абильханов Данияр Чемпионат жеңімпазы атанды.

Айта кетейік,араға екі жыл салып өткізілетін Чемпионат жеңімпаздары ҚР Ұлттық құрама командасына қабылдану мүмкіндігіне жолдама алады.Сонымен қатар,алда келе жатқан Халықаралық деңгейде өтетін Әлемдік турнирлерде ел намысын қорғай алады.

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: