Столичная сборная команда по пара дзюдо заняла второе место на Паралимпийских Играх

Елордалық құрама команда пара дзюдодан Паралимпиада ойындарында екінші орын алды

Бүгін Ақтөбе қаласында V Паралимпиада ойындары шеңберінде парадзюдодан жарыс өтті. Елорданың намысын «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» 6 спортшысы қорғады. Қатысушылардың жалпы саны 80 адамды құрады. Біздің құраманың қоржынында алтын, күміс және екі қола медаль.

Нәтиже:

  • 1 орын 73 кг -Шамей Ергали
  • 2 орын 60 кг -Жамауов Азамат
  • 3 орын 81 кг -Нурсултан Калжан
  • 3 орын +90 кг - Досан Аман Жандос
  • 5 орын 66 кг -Арыстанбеков Бауржан
  • 5 орын 90 кг-Муралбекулы Салык.

Спортшылардың жаттықтырушысы Оразов Даурен Оразович. Іс-шараның мерекелік ашылу салтанаты 14 қыркүйек күні өтеді, алда пара пауэрлифтинг, отырып ойнау воллейболы, жеңіл атлетика, оқ ату және үстел теннисінен жарыстар өтеді. Паралимпиада ойындары төрт жылда бір рет өтеді. Жабылу салтанаты 17 қыркүйек күні өтеді.


Поделиться в соц. сетях: