Елордалық есту қабілеті бұзылған футболшылар Республика Чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Елордалық есту қабілеті бұзылған футболшылар Республика Чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Орал қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында футзал бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына Нұр-Сұлтан қаласындағы "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшылар арналған спорт мектебінің" футболшылары қатысты.

Жарыс ағымдағы жылдың 8-12 қазан аралығында өтті. Бес күн бойы, он үш команда чемпион атағы үшін таласты.

Чемпионатта елордалық команда Петропавл қаласы атынан шыққан команданы 4:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Соңғы ойында футболшыларымыз Қарағандылықтарға жол беріп, ел біріншілігінің күміс чемпионы атанды. Футболшылардың жаттықтырушысы - Таймамбетов Тәжібай Жұмабекұлы.


Поделиться в соц. сетях: