Сурдлимпиада ойындарының қола медалін елордалық дзюдошы жеңіп алды

Сурдлимпиада ойындарының қола медалін елордалық дзюдошы жеңіп алды

Қазір Бразилияда 24-Сурдлимпиада ойындары өтуде. Жарысқа әлемнің 100 елінен жиырма бір спорт түрінен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы атынан тоғыз спорт түрінен 65 спортшы өнер көретуде.

Астанамыздан Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Сабиржан Хапизов (дзюдо), Владимир Нестеров (теннис), Алишер Талғатов (жүзу) өнер көрсетеді.

Бүгін ел құрамасының қоржынына елордалық дзюдошы Хапизов Сабиржан  қола медаль салды.

"Мен өз жеңісіме өте қуаныштымын, бірінші кезекте маған әрдайым сенім білдірген жаттықтырушыма алғыс айтқым келеді. Маған спорт және оған уақытымды арнаған ұнайды, енді алдағы жарыстарға одан да мықтырақ және сенімді түрде дайындаламын", - деп өз ойымен бөлісті бізбен Сабиржан.

Жазғы Сурдлимпиада ойындары 15 мамырға дейін жалғасады, біз Владимир мен Алишерге сәттілік тілейміз!

2

3


Поделиться в соц. сетях: