Бразилияда 24-Сурдлимпиада ойындары өтуде, біздің елімізден тоғыз спорт түрінен 65 спортшы қатысуда.
Астанамыздың атынан Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Сабиржан Хапизов (дзюдо), Владимир Нестеров (теннис), Алишер Талғатов (жүзу) өнер көрсетеді.
Бүгін ел құрамасы сапында, үстел теннисінен командалық жарыста елордалық спортшы Владимир Нестеров қола медальға ие болды. 10 мамырда өтетін жарыста теннисші жеке өнер көрсетеді.
Бұған дейін мектеп спортшысы Хафизов Сабиржан дзюдодан өткен жарыста екі қола медаль жеңіп алған болатын.