Тұңғыш Президенті күні

Тұңғыш Президенті күні

Бүгін «Жанұя» отбасылық институтының қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара өткізді.

1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Кездесуде мектеп қызметкерлері мен спортшылары Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктерін талқылап, оған Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан зор үлесін атап өтті.

Мектеп басшысы Нұржан Өміржанұлы өз сөзінде: «Біз үшін Тұңғыш Президент күнін атап өтудің маңызы зор, ол еліміздің тарихына есімі егеменді Қазақстанның жетістіктерімен тығыз байланыста болатын, барлық ісі өз халқына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын тұлға ретінде мәңгілікке енді», – деп атап өтті.

Іс-шара соңында ұжым қызметкерлері, сюжетінде елордамыздың құрылысы мен қалыптасу тарихы баяндалған "Елбасы жолы" фильмін тамашалады.

den prezidenta 1


Поделиться в соц. сетях: