Ақтауда тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Жастар Чемпионаты аяқталды.
Біздің мектептің спортшылары жарыста күміс пен қола медаль жеңіп алды:
- Ахмет Жанна - 2 орын
- Балмағанбетов Ахметкәрім - 3 орын
Ел біріншілігі 11-16 шілде аралығында өтті, жарысқа республиканың 9 облысынан отыздан астам спортшы қатысты. Біздің жас чемпиондарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!