Бүгін мектеп басшылығы мен әкімшілігі елордалық суда жүзуші Талғатов Әлішерді салтанатты түрде қарсы алды.
Мектеп спортшысы 24-Сурдлимпиада ойындары өткен Бразилиядан ұшып келді. Талгатов Әлішер жүзуден командалық жарыста бесінші орынды иеленді. Спортшы халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегері.
"Көпшіліктің қолдауына ие болғаныма өте қуаныштымын, өзімнің спорт мектебіме ерекше алғысымды білдіремін. Осындай құрметпен қарсы алғандарыңызға рахмет", - деп ойымен бөлісті Әлішер.