Мұражай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған, кешен 4 қабаттан тұрады және 12 мың м2 астам аумақты алып жатыр. Бұл резиденцияда Президент 1997-2004 жылдар аралығында жұмыс істеді.
Музейде Президент пен Президент әкімшілігі қызметкерлерінің жұмыс кабинеттері, қоғамдық залдар, демалыс аймақтары, баспасөз конференцияларын, жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өткізуге арналған залдар бар.
Қазіргі уақытта мұражайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тарихи таңдау. Тәуелсіздік дәуірі" көрме өтіп жатыр. Экскурсия барысында спорт ұйымының қызметкерлерін мұражайдың кәсіби гид маманы және мектептің сурдоаудармашысы ертіп жүрді, ол жаттықтырушылар мен есту қабілеті нашар спортшыларға ымдау тіліне аударып айтып отырды. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, экскурсия, әсіресе тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жас чемпиондарымыз үшін танымдық әрі қызықты болды.