Елордалық пара каратэшілер Ақтөбеде өткен турнирде 6 медаль жеңіп алды. Ақтөбеде әлем чемпионы Әшім Қалидің жүлдесі үшін WKF AKTOBE OPEN 2021 каратэден 20-мерейтойлық республикалық турнирі аяқталды.
Жарыста "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" 6 спортшысы елорда намысын қорғады. Нәтижесінде біздің спортшылар төмендегідей орындарды жеңіп алды:
- Амеличкина Анастасия - 2 орын
- Нүкеш Акерке - 3 орын
- Қожахметов Рүстем - 3 орын
- Аубакиров Сабыржан - 3 орын
- Жұмахамбетов Бақдәулет - 3 орын
- Шәріп Қадыржан - 3 орын
«Турнир жыл сайын өткізіледі, жыл өткен сайын пара спортшылардың саны артып келеді, бұл біз үшін карантиннен кейінгі алғашқы жарыс. Өткен жылы елордада менің оқушым Тойжан Таңатарқызы еңбекке араласа бастады, қазір ол балалар мен жасөспірімдерді пара каратэден жаттықтырады және жетістіктері де бар. Бір жыл бойы біз жарыстарға қатыспадық, спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, достарымен тәжірибе алмасқанына өте қуанышты, бұл спортта бөтен деген жоқ, біз бәріміз бір үлкен отбасы сияқтымыз", - деді пара каратэ бойынша қаламыздың бас жаттықтырушысы Дукуева Мейрамгүл.