Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболды отырып ойнаудан қаланың Ашық Чемпионаты өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: "БЖСМ" құрамасы, әйелдер, ардагерлер және жастар құрамалары.
Чемпионат нәтижелері:
- 1 орын – жастар құрамасы
- 2 орын – әйелдер құрамасы
- 3 орын – ардагерлер құрамасы
- 4 орын – "БЖСМ" құрамасы
Жарыс соңында спортшылар медальдармен, сыйлықтармен және Құрмет кубоктарымен марапатталды. Отырып волейбол ойнау бойынша жаттықтырушылар Башенеев Азамат және Абенов Медеу барлығын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әр отбасына мықты денсаулық тіледі.