7 қыркүйек күні Паралимпиада жаттығу орталығында «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» спортшыларын Ақтөбе қаласында өтетін V Паралимпиада ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Жарыс 12 – 18 қыркүйек аралығында өтеді, жарысқа Қазақстанның барлық мүмкіндігі шектеулі спортшылары қатысады. Елордадан 40 астам спортшы қатысады.
Салтанатты іс-шарада мектеп басшысы Калин Рустам Ильясович сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік және жеңіс тіледі. Чемпиондарға Али Тұрғанбековтың шақырылғаны тосын сый болды, оны қазақстандық «Ник Вуйчич» деп атап кеткен. Али екі аяқсыз дүниеге келді, қазіргі таңда ол жүзумен айналысады. Ол Марадона және Месси сияқты футболдың жұлдыздарымен кездесті, жақында Али өз қолымен Ливерпуль командасына УЕФА Суперкубогын табыстады.
Али өзінің армандары мен мақсаттары туралы айтты, сөз соңында барлығына сәттілік тілеп, медальдармен оралуын тіледі. Паралимпиада ойындары пара дзюдо, отырып ойнау волллейболы, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен өтеді.