8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

Нұр-Сұлтан қаласында ТҚАЗ, көру және есту қабілеті төмен әйелдер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан ашық үш күндік турнир өтті.

Жарыс 1 – 3 наурыз аралығында өтті, қатысушылардың жалпы саны елуден астам адамды құрады. Турнирдің ашылу салтанаты «Шарапат» медициналық-әлеуметтік мекемесінде өтті. Спорттық іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» басшысының орынбасары Ибеков Мурат Тастемирович қатысты.

«Барлықтарыңызды келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Спорт адамды тек қана физикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ іштей де щыңдайды. Жастарға үлгі болып жүргендеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Жарыста барлықтарыңызға жеңіс тілеймін» - деп құттықтыды Мурат Тастемирович.

Жарыстың алғашқы күні ТҚАЗ әйелдер арасында дойбы және тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарыстың екінші күні көру қабілеті төмен арнайы кітапханада өтті. Паралимпиадалық орталықта шахматтан соңғы жарыс өтті.
Балық чемпиондар мен жүлдегерлер медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Спорт мектебінің спортшылары мектеп басшылығына, жаттықтырушылар Сағымбай Болсбекович пен Дурияш Қаратаевнаға алғыс білдірді.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Тоғызқұмалақ
ТҚАЗ спортшылар:

  • 1 орын - Жубатканова Алия
  • 2 орын - Ахмет Жанна
  • 3 орын - Молдахметова Айнагуль

Көру қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Токубаева Майраш
  • 2 орын - Касымова Рыскен
  • 3 орын - Шегетаева Айгуль

Есту қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Муратова Алия
  • 2 орын - Жилина Раушания
  • 3 орын - Иост Елена

Дойбы. 
ТҚАЗ спортшылар:

  • 1 орын - Зотова Надежда
  • 2 орын - Литвинова Анна
  • 3 орын - Есенгабылова Баян

Көру қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Токубаева Майраш
  • 2 орын - Жетписбаева Гульмира
  • 3 орын - Локонова Светлана

Есту қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Ермишкина Любовь
  • 2 орын - Муратова Алия
  • 3 орын - Иржанова Анар

Шахмат. 
ТҚАЗ спортшылар:

  • 1 орын - Смагулова Эрис
  • 2 орын - Шапошникова Марина
  • 3 орын - Миктибаева Зарина

Көру қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Токубаева Майраш
  • 2 орын - Иллинзеер Любовь
  • 3 орын - Иост Елена

Есту қабілеті төмен спортшылар:

  • 1 орын - Муратова Алия
  • 2 орын - Жилина Раушания

Поделиться в соц. сетях: