Бүкіләлемдік каратэ федерациясы пара каратэ спорт түрін Азия Чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Бүкіләлемдік каратэ федерациясы пара каратэ спорт түрін Азия Чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік берді.Пара каратэ тарихында алғаш рет Азия чемпионаты Ташкент қаласында өтті.ҚР пара каратэ  Федерациясының президенты Дукуева Мейрамгуль:

«Тұңғыш рет өткен Азия чемпионаты 16 – 18 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында өтті.Қазақстан,Ташкент,Иран,Үндістан,Өзбекстан,Біріккен Араб Әмірлігінің елдерінен 17 спортшы өз өнерлерін көрсетті.Қазақстан құрама командасын Астана қаласының спортшылары Жусупова Ляззат пен Мухамеджанов Дидар,Шымкент қаласының спортшысы Сапарбаева Даяна қорғады.Жарыс нәтижесі бойынша Астана қаласының спортшылары Жусупова Ляззат – 1 орын,Мухамеджанов Дидар – 2 орын алды.Айта кетейін,25 -30 қазан айының аралығында Италия елінің Бергамо қаласында пара каратэен Әлем Чемпионаты өтті.Ляззат пен Дидар Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.Азия Чемпионатында спортшылар  жеңімпаз болатыныдығына сенімді болдым.Ляззат жеңімпаз атанды,Дидар күміс жүлде иегері. Спортшыларыммен мақтанамын» - деп өз ойымен бөлісті.

1

1

1

1

1


Поделиться в соц. сетях: