Встреча акима с представителями спортивной общественности

Әкімнің спорттық қауымдастықтың өкілдерімен кездесуі

Бүгін «Достық үйінде» Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы Нұр-Сұлтан қаласының үздік спорттық өкілдерімен кездесті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Серик Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Сыдыков Нұрлан  және оның орынбасары Маржикпаев Берік қатысты.

Кездесу барысында әкім спорттық саланың қызметкерлерін қарсы алып, ашық сұхбат жүргізуге шақырды. Дөңгелек үстелге елордалық федерация басшылары, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және белгілі елордалық спортшылар қатысты. ҚР Еңбек сіңірген боксшысы Марина Вольнова әкімге алғыс білдіріп қолқабын сыйға тартты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» басшысы Калин Рустам Ильясович, жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Загородний Владимир Кириллович және Ақтөбе қаласында өткен V Паралимпиада ойындарының чемпионы Болатова Айгерім қатысты. Спортшы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жаттығу процесін жақсарту бойынша тақырыпты қозғады және оның жаттықтырушысы Владимир Кирилович «Алатау» спорт кешенінде жаттығуды жақсарту бойынша бірнеше нұсқаларды ұсынды. Сондай-ақ елордадағы спорттық кешендерді жақсарту бойынша бірнеше ұсытыстар түсті. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлығына алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.

 


Поделиться в соц. сетях: