Бүгін елордада пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты аяқталды, жарыс 12 – 20 шілде аралығында өтті.
Қазақстанда бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеті жоғары деңгейде өткізді, жарысқа 79 мемлекеттен 450 спортшы қатысты. Мерекелік ашылу салтанатында Конгресс-центрде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Кульгинов сөз сөйледі. Өзінің сөз сөйлеуінде спорт саласындағы басты мақсаттардың бірі көпшілікті спортпен шұғылдануға тарту, 2020 жылға дейін 30 % жеткізу керектігін айтты.
Елорданың намысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» спортшысы Исмат Ерсұлтан қорғады. Спортшы 2002 жылғы 8 мамырда дүниеге келді, пара пауэрлифтингтен юниорлар арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы болып табылады. Исмат Ерсұлтан 59 кг дейнгі салмақта өнер көрсетіп, жетінші орын алды, елордалық жаттықтырушы Руденко Евгенийдің айтуы бойынша бұл Ерсұлтанның алғаш әлемдік жарысы.
Пауэрлифтингпен айналысқаныңызға неше жыл болды және неге осы спорт түрін таңдадыңыз?
- Пауэрлифтингпен айналысқаныма екі жыл болды. Қазір елордамызда спорт қарқынды даму үстінде, жаңа спорт кешендері ашылып жатыр.
Әлем чемпионатына қатысқан кезде сізде қобалжау болды ма?
- Мен жауапкершілікті сезіндім, жаттықтырушы және маған сеніп отырған адамдардың үмітін ақтағым келді. Мен үшін әлемдік додаға қатысу үлкен тәжірибе.
Сіздің болашаққа жоспарларыңыз қандай?
- Жақында дене дайындығы мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырмын спорт менің өмірімнің мәні. Ең бастысы жақсы білім алып, өз ісімнің шебері болу.