Азия чемпионатында елордалық пара дзюдошылар 2 күміс және үш қола медаль жеңіп алды

Азия чемпионатында елордалық пара дзюдошылар 2 күміс және үш қола медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтанда пара дзюдодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Жарысқа 5 елден: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Корея және Молдовадан елуден астам спортшы қатысты. Өкінішке орай, вирустың жаңа штаммы шығуына байланысты басқа елдерден спортшылар келе алмады.

Ашылу салтанатына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты және барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, спортшыларға табысты өнер көрсетіп, жарқын жеңістерге жетулерін тіледі. Ашылу салтанатына елордалық мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің басшысы Нұржан Әубәкіров те қатысты.

Халықаралық деңгейдегі дзюдо бойынша паралимпиадалық жарыстар елорда тарихында алғаш рет өткізіліп отыр, бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Елордалық спортшылар 5 медаль жеңіп алды:

  • Жамауов Азамат – күміс
  • Шаймерденов Қайрат – күміс
  • Арыстанбеков Бауыржан – қола
  • Досан-Аман Жандос – қола
  • Мырзабеков Ақаш – қола

Елордалық пара дзюдошыларды мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Оразов Дәурен жаттықтырады.

2

3


Поделиться в соц. сетях: