Елордалық балуан Беларусьте өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Елордалық балуан Беларусьте өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Витебск қаласында 29-31 қазан аралығында есту қабілеті төмен спортшылар арасында грек-рим күресінен Беларусь Ашық Кубогы өтті. Жарысқа жүзден астам спортшы қатысты.

Елордалық балуан Орманов Абылайхан 63 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды. Ол ҚР спорт шебері, сондай-ақ грек-рим күресінен екі дүркін Қазақстан Республикасының Чемпионы. Спортшыларды жоғары санатты жаттықтырушы Молдахметов Бек Әбікенұлы жаттықтырады.


Поделиться в соц. сетях: