Таразда пара жүзуден Қазақстан Республикасының Жастар чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің 11 облысынан 45 спортшы қатысты.
Бірінші күміс медальді еркін үлгіде 100 метр қашықтыққа жүзуден Наметуллаев Ерсұлтан жеңіп алды. Оның қоржынында 50 метр қашықтыққа еркін жүзуден қола медаль бар. Тағы бір күміс Досали Саяттың үлесінде, ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, екінші келді. Жас суға жүзушілерімізді жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі ірі жеңістер тілейміз!