Талдықорған қаласында грек-рим күресі және еркін күрестен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс 18 – 22 ақпан аралығында өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөпірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» спортшылары екі медальға ие болды. Жагсилиг Нурсултан 72 кг салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен күміс медальға ие болды. Ал Болатбек Еркебұлан 92 кг салмақ дәрежесінде еркін күрестен қола медальға иеленді.
Жарысқа 13 облыстан 155 спортшы қатысты.
Бұл жаңа мектептің ашылуынан кейінгі алғашқы медальдар. Топтың жаттықтырушысы Искаков Шинболат Казыбаевич. Сондай-ақ бізде грек-рим және еркін күрестен топтарға жинақтау жүргізіліп жатыр. Толық ақпаратты 57-39-83 нөмірі бойынша ала аласыздар.