В Нур-Султане прошёл чемпионат города по пара пауэрлифтингу

Нұр-Сұлтанда пара пауэрлифтингтен қала чемпионаты өтті

Бүгін паралимпиадалық жаттығу орталығында пауэрлифтингтен қала  чемпионаты өтті. Жарысқа 16 адам қатысты: көру мүшелері зақымданған 4 спортшы және тірек-қимыл аппараты зақымданған 12 спортшы.

Қалалық жарыс елордада осы спорт түрінің танымалдылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында өтті.  Спортшыларды Ковалев Роман Владимирович жаттықтырады. Айта кетерлігі, биыл елордалық құрама сапына пара каратэ бойынша халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанған тұңғыш қыз бала қосылды. Жүсіпова Ләззат пауэрлифтингтен бағын сынап көрмекке бел буып, жақсы нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы:
СПОДА

  • 49 кг - 1 орын - Жұмағұлов Нұрзат
  • 54 кг - 1 орын - Мұсабек Меграж, 2 орын - Харсиев Халид
  • 59 кг - 1 орын - Қажмұханов Дінмұхамет
  • 65 кг - 1 орын - Мұқашев Раим
  • 72 кг - 1 орын - Рахымжан Ғани, 2 орын - Алдыбеков Арман
  • 80 кг - 1 орын - Конкулов Корган, 2 орын - Кондратенко Евгений
  • 88 кг - 1 орын - Шыбышев Сүйіндік, 2 орын - Қабылов Асхат
  • 97 кг - 1 орын - Байлин Қанат

Көру қабілеті нашар спортшылардан:

  • 60 кг - Жүсіпова Ләззат - 1 орын
  • 75 келі - Арыстанбеков Бауыржан - 1 орын
  • 82 кг - Бекентаев Ерболат - 1 орын
  • 110 келі - Әбілханов Данияр - 1 орын

Спортшылар жақсы нәтиже көрсетті, кейбіреулер Қазақстанның алдыңғы чемпионатымен салыстырғанда өз көрсеткіштерін жақсарта алды, алда пауэрлифтингшілердің алдында Талдықорғанда өтетін ел біріншілігі тұр.Нұр-Сұлтанда пара пауэрлифтингтен қала чемпионаты өтті.

photo 2

photo 3

photo 4

photo 5


Поделиться в соц. сетях: