Армрестлингтен Азия чемпионатында елордалық спортшылар 8 медаль жеңіп алды

Армрестлингтен Азия чемпионатында елордалық спортшылар 8 медаль жеңіп алды

23-30 сәуір аралығында Самарқандта (Өзбекстан) армрестлингтен 20-Азия Чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 12 елінен 800 спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты – Азия федерациясына мүмкіндігінше көп елдерді тарту, Әлем Чемпионатында басқа елдердің ең мықты чемпиондарымен бәсекеге түсу үшін жоғары деңгейді бағындыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды:

  • Қамзаев Ержан +100 кг, екі алтын
  • Рыжкова Татьяна +70 кг, күміс және қола
  • Жұмағалиева Дания 60 кг, екі күміс
  • Аушамов Серікбай 75 кг, екі қола

Жаттықтырушы Ахмедов Заир Дәлімбекұлының айтуынша, спортшылар өз міндеттерін 100 пайызға орындаған. Олар жаттығуды жақында ғана бастағанын ескерсек, бұл жақсы көрсеткіш. Алда аздаған демалыс күтілуде, содан кейін Әлем Чемпионатына дайындық басталады.

8 медалей завоевали столичные спортсмены на Чемпионате Азии по армрестлингу.


Поделиться в соц. сетях: