Шахматтан онлайн-турнир

Шахматтан онлайн-турнир

Біздің мектептің спортшысы шахматтан онлайн-турнирде қола медаль жеңіп алды.

Бүгін Нұр-сұлтан қаласында елордалық жастар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған шахматтан алғашқы онлайн-турнир өтті. Турнир сағат 11-де басталды және үш жас ерекшеліктері бойынша өтті.

Біздің мектептің спортшысы Балмағамбетов Ахметкәрім жарыста үшінші орынға ие болды. Спортшы үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ сияқты үстелде ойналатын спорт түрлерімен айналысады. Оның жаттықтырушысы Сағымбай Болысбекұлының айтуынша, баланың спортқа қабілеті өте жоғары және болашағы зор.


Поделиться в соц. сетях: