АСТАНА қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» КММ

Спорттық мектеп 15.01.2019 ж. Қаулыға сәйкес 2019 жылғы 15 қаңтарда құрылды.

Қазіргі уақытта мектепте 18 спорт түрі бар: арбамен билеу, отырып ойнау волейболы, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквандо, дзюдо, следж-хоккей және паракаратэ, оқ ату және армрестлинг.

Мектептің жаттықтырушылар құрамы 2019 жылы 27 жаттықтырушыны, ал контингент 429 спортшыны құрайды: ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 7, ҚР Спорт шебері – 20, ҚР спорт шеберіне үміткер – 41, 1 спорттық разряд – 7 және 2 спорттық разряд – 5.

Мектеп спортшылары күнтізбелік жоспарға сәйкес Республикалық және Халықаралық спорттық іс-шараларға қатысады. Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап мүмкіндігі шектеулі спортшылар Республикалық және Халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатыр.

Мектепте спорттық врач, массаж жасаушы және сурдоаудармашы бар. Сондай-ақ мектеп балансында спортшыларды жаттығу сабақтарына және спорттық іс-шараларға тасымалдауға арналған екі арнайы машина бар.

Мектептің мақсаты:

  • оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
  • оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
  • оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
  • Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:

жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.

Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы (PDF)