Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» КММ-ға оқуға түсу тәртібі. Мектепке түсуге құжаттар жыл бойы қабылданады.
Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат: online.zakon.kz
1 кезең: Құжаттарды қабылдау
Спорт мектепке оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:
- еркін формадағы өтініш;
- оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру нөмері бар туу туралы куәліктің немесе жеке құжаттың көшірмесі;
- ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- таңдаған спорт түрімен шұғылдануға участкелік дәрігермен берілген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;
- 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама.
- 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 026/ж үлгісіндегі медициналық анықтама.
- 3х4 фото.
2 кезең. Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жастары.
Спорт түрі | Жас |
Мәнерлеп сырғанау | 4-5 жас |
Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, теннис, шайбалы хоккей | 5-8 жас |
Акробатика, спорттық би, гольф, үстел теннисі, бадминтон | 6-8 жас |
Су шаңғы спорты, гандбол, жүзу, суға секіру, батуттта секіру, синхрондық жүзу, ушу, фристайл, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, каратэ спортының түрлері, су добы, желкен спорты, спорттық бағдарлау, спорттық құзырға өрмелеу | 7-9 жас |
Қалашық спорт, футбол, спорт туризмі, семсерлесу, таэквондо | 8- 10 жас |
Баскетбол, бейсбол, биатлон, волейбол, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы екісайысы, тұғырдан шаңғымен секіру, регби, көкалдағы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, қазақ күресі, самбо, есу слаломы | 9-11 жас |
Атлетизм, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес, грек-рим күресі, гір спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, кикбоксинг, муайтай (тай-бокс), шана спорты, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), триатлон, ауыр атлетика (жасөспірімдер), ат спорты, ат спортының ұлттық түрлері | 10-12 жас |
Мүгедектер арасында дамып келе жатқан бүкіл спорт түрлері | 7-11 жас |
Саят (құсбегі) – аң аулауға шығу | 10-13 жас |
Садақтан ату | 11-13 жас |
Стенд ату, нысана көздеу | 12-14 жас |
Ауыр атлетика (әйел жынысы) | 13-14 жас |
* Жеке іріктемеге тек толық құжаттарды өткізген спортшылар ғана.
Құжаттар келесі мен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан (Астана) қ. Қорғалжын тас жолы 13Б, 1 қабат
Құжаттарды қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағат 8.30 – 13.00, сағат 14.30 – 18.00