Мектепке жазылу

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» КММ-ға оқуға түсу тәртібі. Мектепке түсуге құжаттар жыл бойы қабылданады.

Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат: online.zakon.kz


1 кезең: Құжаттарды қабылдау

Спорт мектепке оқуға түсушінің ата-анасы немесе заңды өкілдері келесідей құжаттарды ұсынады:

  • еркін формадағы өтініш;
  • оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру нөмері бар туу туралы куәліктің немесе жеке құжаттың көшірмесі;
  • ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • таңдаған спорт түрімен шұғылдануға участкелік дәрігермен берілген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;
  • 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама.
  • 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген яғни № 026/ж үлгісіндегі медициналық анықтама.
  • 3х4 фото.

2 кезең. Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жастары.

Спорт түрі Жас
Мәнерлеп сырғанау 4-5 жас
Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, теннис, шайбалы хоккей 5-8 жас
Акробатика, спорттық би, гольф, үстел теннисі, бадминтон 6-8 жас
Су шаңғы спорты, гандбол, жүзу, суға секіру, батуттта секіру, синхрондық жүзу, ушу, фристайл, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, каратэ спортының түрлері, су добы, желкен спорты, спорттық бағдарлау, спорттық құзырға өрмелеу 7-9 жас
Қалашық спорт, футбол, спорт туризмі, семсерлесу, таэквондо 8- 10 жас
Баскетбол, бейсбол, биатлон, волейбол, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы екісайысы, тұғырдан шаңғымен секіру, регби, көкалдағы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, қазақ күресі, самбо, есу слаломы 9-11 жас
Атлетизм, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес, грек-рим күресі, гір спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, кикбоксинг, муайтай (тай-бокс), шана спорты, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), триатлон, ауыр атлетика (жасөспірімдер), ат спорты, ат спортының ұлттық түрлері 10-12 жас
Мүгедектер арасында дамып келе жатқан бүкіл спорт түрлері 7-11 жас
Саят (құсбегі) – аң аулауға шығу 10-13 жас
Садақтан ату 11-13 жас
Стенд ату, нысана көздеу 12-14 жас
Ауыр атлетика (әйел жынысы) 13-14 жас

* Жеке іріктемеге тек толық құжаттарды өткізген спортшылар ғана.

Құжаттар келесі мен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Б. Майлин 37.
Құжаттарды қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағат 8.30 – 13.00, сағат 14.30 – 18.00